24 шілде күні аудандық мәдениет үйінде Отбасы күніне орай "Менің отбасым"атты аудандық байқау жарияланды. Байқауға әр жолы жаңа тапсырмаларды орындай отырып, 5 отбасы қатысты. Жеңімпаздар лайк саны бойынша анықталды. Сондай-ақ, 13 қыркүйек Отбасы күніне орай өз өнерімен ауданды даңқтаған шығармашылық отбасылық дуэттердің қатысуымен онлайн-концерт өтті.