Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай аудандық мәдениет үйінде ауданның шығармашылық ұжымдары мен көркемөнерпаздар әртістерінің қатысуымен онлайн-концерт өтті. Алтынсарин аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітов Жандарбек Карбенович прадникпен эфирде құттықтады. Әртістер өз кезегінде көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, сахнадан шығармашылық нөмірлер орындады.