2020 жыл-бұл ерекше жыл, ол оқиғалар мен мерекелік күндерге бай. Биыл еліміз Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар өткізуде. 9 тамызда АМҮ әртістері осы шараға "Ұлы Абай" онлайн концертін арнады, олар Абай өлеңдеріне ән шырқады, өйткені оның әрбір туындысы - бүгінгі ұрпаққа берілген ерекше жауһар.