21 мамырда мәдениет қызметкерлері күнін мерекелеуге орай көркемөнерпаздар әртістері мерекелік онлайн-концерт берді. Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары Сарин Әділбек Сағындықұлы мәдениет қызметкерлерінің атына құттықтау сөз сөйлеп, әртістерге аудан әкімінің атынан алғыс хаттар табыс етті. Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Дархан Жоламанұлы Кикимов өз кезегінде әртістерге алғыс хаттар табыстады. Бұл күні сахнада тек мәдениет қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар өнерге әрдайым қызығатын адамдар - шығармашылыққа бей-жай қарамайтын адамдар да өнер көрсетті. Мереке жақсы өтті. Өйткені, мәдениет қызметкерлері әрқашан сүйікті көрерменді қалай қуантуды біледі.