Бұл күйде Дина бала кезін, алқа тағып бұлаңдап жүрген ерке жастық шағын еске алып, ойлы сезіммен ойнақы нақыштар салады. Мұндағы ырғақтың құбыла өзгеруі күй сазын құлпырта түседі. Күй әуелі ойлы сезіммен басталғанымен, орта буыны ойнақы, жеңіл, бидің ырғағына сәйкес келеді.