«Дәстүр мен ғұрып» арнайы жоба шеңберінде «Дәстүрім-асыл қазынам» айдары. Артық болмас білгенің

Үш керек
Беру керек: үлкенге – сәлем, қуантқанға – сүйінші, қуанышқа – шашу, соғымнан – сыбаға, егіннен – кеусен, малдан – көгендік, балаға – базарлық, киімге – байғазы, сәбиге – көрімдік, төркіндеген қызға – қалауын, жаңа көршіге – ерулік, досқа – естелік, жетімге – қолқайыр, мүсәпірге – садақа, байлықтан - шүлен үлестіру, тойға – ¬сияпат, жас үйленгендерді отқа шақыру, жас босанған анаға – қалжа, сағынғанға – сәлемдеме беру керек.
Сұрау керек: Алладан – денсаулық. Пайғамбардан – шапағат, Қыдырдан – бата, аңшыдан – сыралғы, сырқат жанның – көңілін, қарттың – қал-жағдайын, жетімнің – жай-күйін, саудың – амандығын, ағайынның – бүтіндігін, олжадан – тәбәрік, қонақтан – бұйымтай сұрау керек.
Тілеу керек: барға – тәубе, жоққа – сабыр, ауырға –төзім, жақсылыққа – алғыс, болашаққа – сенім, жетістікке – шүкір, өткенге – салауат, қалғанға – береке, басқа – амандық, денге – саулық.