Ахмет Байтұрсынұлына арналған өнер туындылары аз емес. Ұлт көсемінің ұлылығы, өнегелі өмір жолы, қазыналы мұрасы қаншама шығармаға арқау болды. Ұлықтайтын ұлты барда ұлы ұстаз мәңгілік дәріптеле де бермек. Бүгін сіздермен өңіріміздің белгілі ақыны мен сазгері Ахаң рухына арнап жазған "Аға туралы ән" атты туындыны бөліскіміз келіп отыр. Сөзін жазған – танымал ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақылбек Шаяхмет, әннің авторы – композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қалибек Деріпсалдин.