altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
ҚОСТАНАЙЛЫҚ ҚОС ҚЫРАН
30.01.2021
1816
0
Тобыл-Торғай өңірі дарынды өнерпаздардан ешқашан кенде болып көрмеген. Тұтас елдің мақтанышына айналған даңқты тұлғалардың ізін абыройлы жалғап келе жатқан жас буын өкілдері аз емес. Өнер өлкесіне қадам басқан жұлдызды жастардың қатарын "БРО" дуэті толықтырды деп нық сеніммен айтуға болады. Қазіргі уақытта "X FACTOR ҚАЗАҚСТАН" тележобасының ақтық сынында сәтті өнер көрсетуде.
 
Қостанайлық ағайындылар – Бекболат және Айдар Жазықбаевтардың таланты мен талпынысы ерекше сүйсіндіреді. Құстың қос қанаты секілденіп ән әуесіне қалқып барады. Жалынды жігіттердің жарқын өнері көпшілік көңілінен төр алып, көрермендер көзайымына айналып үлгерді. Олардың әрқайсысы әншілік қабілеттерін балдырған кездерінен-ақ танытып, дара дарын иелері екендерін ерте жастан дәлелдеген.
 
Мәселен, ағайындылардың үлкені, небары 21 жастағы Бекболат – жастығына қарамастан сын сахналарында шыңдалып, тәжірибе жинақтап үлгерген әнші. Ол осы уақытқа дейін бірнеше байқауда топ жарып, биік белестерді бағындырған. Мәселен, Қостанай облысында дәстүрлі түрде өтетін "Алтын микрофон" Халықаралық ән байқауының Гран-Приін қанжығасына байлағанын айтсақ та жетіп жатыр. Сондай-ақ, кіл үздіктер бәсекеге түсетін "Super Qala Kz" тележобасында сәтті өнер көрсеткен. Ресейдің "ТНТ" телеарнасының көпке танымал "Песни" жобасына қатысу ғанибеті де бұйырыпты. Айта кету керек, Бекболат еліміздің ең басты вокалдық тележобасы "X FACTOR"-дың 2018 жылғы сынына қатысып көрген.
 


Ал Айдар Жазықбаев ағасынан 4 жас кіші – 17 жаста. Сөйте тұра оның да музыка өнерінде бағындырған жетістіктері олқы емес. Атап айтқанда, отандық "Балалар дауысы. Қазақстан" және басқа да халықаралық жобаларда бақ сынап, ерек қабілетінмен көзге түскен. Ағасының жеңісті жолын жалғастырып, бірнеше елдің үздіктері қатысатын "Алтын микрофон" байқауының финалына дейін жетіп, лауреат атанған. Мұнымен қоса, ол Белоруссия елінде өткен "Под крыльями Ориона" байқауында топ жарыпты. Ол да, ағасы Айдар секілді, 2019 жылы "X FACTOR ҚАЗАҚСТАН" жобасының сахнасына шыққан. Осынау дарынды жұптың жетістіктері жыл озған сайын толығыса беретініне күмән келтірмеуге болады.
 
Енді, міне, екі ағайынды "БРО" атты топ құрып, "X FACTOR" жобасының биылғы бәсекесіне бел шеше кірісіп, әлі күнге мықтылықтарын дәлелдеп келеді. Шынын айту керек, бұл – үздіктердің үздігі ғана іріктеліп-сұрыпталатын, талабы қатал сынақ. Өз ісін жетік меңгерген білікті, "қара қылды қақ жарған" әділетті, турашыл төрешілер тезінен өту – оңай шаруа емес. Оған жобаның тұрақты көрермендері куә болып келеді деп ойлаймыз. Қатысушыларға әуелі төрелік етіп, кейін топ-топқа бөліп тәлім беріп, қарамағындағы әншілерді өзара сайыстырып келе жатқан қазылар құрамында – Қазақстанның халық әртісі, жобаның тұрақты төрешісі Нағима Есқалиева, продюсер әрі музыкалық сарапшы Нұрберген Махамбетов және танымал әнші, ресейлік "MBAND" тобының бұрынғы мүшесі Анатолий Цой бар. Бекболат пен Айдар "Топтар" санатымен жұмыс істеу міндеті бұйырған осы Анатолий Цойдың командасында бағы мен бабын сынауда. Әр апта тағатсыз күтетін жанкүйерлерін ағатсыз өнер көрсетіп, байқау басталғалы жерлестерін қуантумен келеді. Қазір Цойдың командасында қалған екі топтың бірі осы "БРО" дуэті болып отыр.
 
Ал, жалпы, жобада небары алты-ақ қатысушы қалды. Олардың тағдыры телекөрермендер қолында, қайсысы көп дауыс жинаса, сол жеңіс ауылына бір табан жақындай түседі. Демек, жерлестеріміздің жеңімпаз атануы жанкүйерлер белсенділігімен тікелей байланысты. Осы орайда, Бекболат пен Айдар Гран-Приге лайық деп танысаңыздар, дауыс беруді, олардың жеңісі ортақ мерейіміз екенін ұмытпаңыздар!
 
Айта кетейік, жеңіс тұғырынан көрініп, "X FACTOR" атанған қатысушы 7 млн теңге иеленеді, сондай-ақ оның алдынан ел эстрадасының елеулі мүшесіне айналуға даңғыл жол ашылмақ.
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру