2019 жылғы 9 қазан күні Жангелдин ауданында облыстық «Ауылым-әнім» ән байқауы және «Бабалар үні» қобызшылар байқауы өтті
10.10.2019
1683
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Облыстық «Ауылым-әнім» ән байқауы және «Бабалар үні» қобызшылар байқауы
2019 жылғы 9 қазан күні Жангелдин ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Ауылым-әнім» ән байқауы және «Бабалар үні» қобызшылар байқауы өтті.
Байқауда әр ауданнан келген қатысушылар бақ сынады. Қазылар алқасының шешімі бойынша 1 орынды Қанат Ражанов (Меңдіқара ауданы), 2 орын Жанар Ильясова (Федоров ауданы), 3 орынды Нұрбол Әбдіғалымов (Арқалық қ.) және Дүйсенханов Асылхан (Амангелді ауданы) иеленді.
Сонымен қатар, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК басшысы Қалқаев Дәмір Елтайұлының дайындаған арнайы сыйлығымен Гүлбақыт Жаңбырбаева және «Бабалар үні» қобызшылар байқауының қатысушысы Динара Мырзахметоваға «ҚР Мәдениет саласының үздігі, қобызшы Батырбек Байназаров атындағы арнайы жүлдесі» табысталды.
Байқауда қатысқан қатысушыларға ақшалай сыйлық және диплом табысталды.