altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
ТҰҒЫРЫ БИІК ТАҚТАҚ АҚЫН
09.10.2019
4188
0


Қазақ әдебиетінде өшпестей із қалдырған бірегей тұлға – Нұржан Наушабаев. Поэзия әлемінде қазақы нақыш пен даланың дара классикалық әспетін әйгілеп, әрлендірген тақтақ ақынның биыл 160 жылдығы. «Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен..» атты І республикалық дәстүрлі ән орындаушыларының байқауы өтеді. 

 

Ел ауызында тақтақ атанып кеткен Нұрмұхамбеттің мұрасы мол, әр тармағынан даланың дара стилі аңқып тұрады. Алаш әдебиетінің көрнекті өкілінің жазған дүниелері солақай саясаттың тұмшалауына тап болды. Бірақ, ақынның дүниелері халқымен бірге жасап, бүгінгі күнге жетті, ұрпақ санасында жаңғырды. 


Бір бойында ақындық, композиторлық, серілік, балуандық секілді керемет қасиеттер ұштасқан тұлға қай заманда болсын ұрпаққа ғибрат етуге әбден лайықты. Осы мақсатта, әрі Наушабаев мұрасын санада жаңғыртуға қазанның 16-17 аралығында «Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен» атты І республикалық дәстүрлі ән орындаушыларының байқауы өтеді.   

Қазақ фольклорлық өнеріне классикалық  үлкен  үлес қосқан, әрі ақын, әрі балуан, әрі әнші, жыршы-термеші Нұржан атамыздың шоқытығы қашанда биік, - деп бастады ҚР Мәдениет саласының үздігі Манапбек Кәдіров. - Нұржан Наушабаев мұраларының бүгінгі күнге жетуіне, кітап болып басылуына, ғұмырының зерттелуіне Сыздық Әбілғазин ақсақалымыз өлшеусіз үлес қосқан еді. Осы кісінің жетегіне еріп, тақтақ ақынның біраз әндерін, термелерін нотаға түсірдік. Онымен шектеліп қоймай, Сыздық ақсақалдан Нұржанша ән айтудың қыр-сырын үйрендік. Жалпы Нұржан Наушабаев әндерінің халық әндерімен ұқсас, үндес келуінің өзінде мән бар. Солақай саясаттың тарапынан тиым салынғандықтан, Иса Байзақов Наушабаевтың мұраларын халық әні деп жазып жіберген.  Сыздық Әбілғазиннің атсалысуымен ақынның мұралары еліміздің Алтын қорында тұр. Қайраткердің өзге де әдеби туындыларын Татарстанға барып, арнайы зерттеп, қазақ тіліне тәржімалап, жаңғыртқан Ақылбек Қожаұлының да еңбегі орасан. 

Республикалық дәстүрлі ән байқауы Затобол кентіндегі «Алтын дән» мәдениет үйінде өтеді. Байқау алдында жыраулық өнердің көзі тірі классигі, фольклор зерттеушісі Алмас Алматов дәстүрлі ән орындаудың жас буын легімен тәжірибесімен бөліседі. Сондай-ақ, 16 қазан күні «Тақтақ ақын – Нұржан Наушабаев» атты ақындардың өңірлік айтысы өтеді. 
 
Нұрқанат Нүсіпхан, 
Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы 
мен кинобейнеқор орталығының ақпараттық редакторы  
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру