Қуанышты жаңалық! Халықаралық "Алтын микрофон" байқауының облыстық іріктеу кезеңінің жеңімпазы Мария Заковоротная үлкен жетістікке жетті!
Ол Алматы қаласында өткен «БОЗТОРҒАЙ» балалар шығармашылығының XXVII халықаралық конкурсында өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Марияның бұл жетістігі – оның табандылығының, таланты мен еңбегінің жемісі. Жас дарын иесін шын жүректен құттықтаймыз! Болашақта шығармашылық табыс, биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
Алға, Мария! 🌟🎤🏆


