Қостанай облысының аудан, қалаларында халықаралық «Алтын микрофон – 2025» вокалдық байқауының аймақтық іріктеу кезеңі сәтті өтті
Бұл кезеңге облыс көлемінен барлығы 171 өнерпаз өтініш білдіріп, өз бағын сынады. Қатысушылардың вокалдық шеберлігі мен сахна мәдениеті қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Нәтижесінде, үздіктердің ішінен 69 талантты өнерпаз іріктеліп, байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.
Облыстық кезең биылғы 28 сәуір күні өтеді. Бұл кезеңде өңірдің ең дарынды әншілері өзара бақ сынап, халықаралық деңгейдегі байқауға жолдама алу үшін өнер көрсететін болады.
💡