Қостанай қаласында халықаралық “Алтын микрофон – 2025” вокалдық байқауының аймақтық іріктеу кезеңі де өз мәресіне жетті
Бұл кезеңде Қарабалық, Федоров, Әулиекөл, Алтынсарин аудандары мен Қостанай қаласынан келген үміткерлер өз өнерін ортаға салып, қазылар алқасының әділ бағасына ие болды. Әр қатысушының орындау шеберлігі, сахна мәдениеті мен дауыс мүмкіндіктері жан-жақты сараланып, үздіктер анықталды.
Іріктеу кезеңінде жарқырап көзге түскен жас дарындар мен тәжірибелі вокалистер облыстық кезеңге жолдама алды.