Лисаков қаласында ХХІ “Алтын микрофон – 2025” аймақтық әншілер байқауының іріктеу кезеңі басталды!

Сахнада – арман, көрерменде – қолдау сезіледі.
Қатысушылар өз даусымен жүрек тербеп, көрерменге ұмытылмас әсер сыйлауға дайын!
Сахна төрінде жас өнерпаздар өз дарынын паш етіп жатқанда, әділқазылар алқасы кәсіби тұрғыда әділ бағаларын беруде. Қазылар құрамында – тәжірибелі музыканттар, вокал педагогтары және мәдениет саласының белді өкілдері.
Олар қатысушылардың дауыс диапазонына, сахнадағы өзін ұстау мәнеріне және орындаушылық шеберлігіне ерекше мән беріп, нағыз дарынды анықтауға тырысып жатыр.





