Бүгін Арқалық қаласындағы жасөспірімдер театрында ХХІ "Алтын микрофон – 2025" аймақтық әншілер байқауының іріктеу кезеңі өтуде
Бұл шара – дарынды жастардың шығармашылығын шыңдауға, өнер жолындағы алғашқы қадамдарын нық басуға мүмкіндік беретін маңызды алаң.
Бойында таланты бар ұл-қыздар сахнаға шығып, вокалдық қабілеттерін көрсетіп, қазылар алқасының талқысына түсіп, өнерлерін бағалатуда. Әрбір қатысушы ерекше дайындықпен келіп, түрлі жанрда әндер орындап, көрермендер мен қазылардың қошеметіне бөленді.
Байқаудың басты мақсаты – жас таланттарды анықтау, қолдау көрсету және олардың болашақ шығармашылық жолына жол ашу. Қазылар алқасының құрамында кәсіби музыканттар, вокалдық педагогтар мен мәдениет саласының өкілдері бар.
Олар қатысушылардың дауыс диапазонын, сахна мәдениетін, орындаушылық шеберлігін ескере отырып, әділ бағаларын беруде.