«ЖҰМЫС — БІЛЕКТЕ, ӨНЕР — ЖҮРЕКТЕ»: «Алло, біз таланттарды іздейміз» жобасының қорытынды кезеңі өз мәресіне жетті

Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығы мен Allur зауыты бірлесіп ұйымдастырған бұл жоба еңбекқор, дарынды азаматтардың шығармашылық қабілеттерін ашуға бағытталған ерекше бастама болды.
Байқаудың соңғы кезеңінде қатысушылар өз өнерлерін паш етіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Ән, көркемсөз оқу және би бағыттарында өнер көрсеткен қатысушылар арасынан ең үздіктері анықталды:
🏆 Гран-при — Жеңіс Жүсіпов
🥇 I орын — Амина Нұрғаужа
🥈 II орын — Марғұлан Абузара
🥉 III орын — Мария Мауль
Бұл жоба көптеген дарынды жандардың шығармашылық әлеуетін ашуға, олардың өнер жолында жаңа мүмкіндіктерге ие болуына септігін тигізді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!