Жас дарындардың өнерін өркендетуге бағытталған халықаралық деңгейдегі «Бозторғай» байқауы Алматыда 26-ші мәрте өтіп, жас дарындарды анықтады.
Сайысқа еліміздің әр өңірінен 500-ге жуық жас дарын қатысуда. Сондай-ақ шет мемлекеттердің таланттары да өз өнерлерін көрсетті.
Қостанай облысынан Нұржайна Таубалды қатысып, ортаңғы топтағы 35 қатысушының арасынан суырлып шығып, екінші орынды иеленді.
Ал жетігенші қызымыз Назар Гүлбахар «Халықтық аспапта орындау» жанры бойынша ешкімге дес бермей 1 орынды жеңіп алды.
Өнерімен көпшілікті тәнті етіп, қазылардың жоғарғы бағасын алған қос талантымызды құттықтаймыз.







