Түркістанның қолтаңбасына айналған мәдени іс-шаралардың бірі — республикалық «Түркістан дауысы-2024» жас орындаушылар байқауы.
Байқаудың мақсаты шығармашыл, дарынды жастарды анықтау, олардың өнеріне қолдау көрсету, рухани және мәдени құндылықтар алмасу, қазақ музыкасын насихаттау. Ән додасында еліміздің барлық өңірінен 18-35 жас аралығындағы эстрадалық жанрдағы орындаушылар, үлкен концерттік қойылымдарда тәжірибесі бар, түрлі республикалық, ұлттық ән байқауларында жетістікке жеткен 18 үміткер бақ сынады.
Қостанай облысының намысын қорғауға аттанған әнші Айдар Жазықбаев екі кезеңнен де мүдірмей өтіп, қазылар алқасының шешімімен ұпай саны жоғары болып Бас жүлдені жеңіп алды.
Байқауға Маржан Арапбаева, Бағлан Омаров, Қайрат Баекенов, Мархаба Саби, Қайрат Мырзахан және Bytanat, Мейіржан Алиакбаров қазылық жасады. Жүлделі орындарды анықтау барысында қазылар алқасы үміткерлердің орындаушылық шеберлігіне, дауыс диапазонына, әннің байқау шартына сәйкестігіне, музыкалық өңдеуіне, ән мәтіні мен әуенінің мазмұндылығына баса назар аударған.
Бас бәйгені жеңіп алған Айдарды құттықтаймыз!