Жас таланттардың басын біріктірген X Factor Kazakhstan жобасының финалдық кезеңінде жерлесіміз Ұлпан Жұмабек өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды. Тобыл-Торғай өңірін елге танытқан жас талантты облыс әкімі Құмар Ақсақалов қабылдап, сый-құрмет көрсетті. Болашағына сәттілік тілеп, алғысын да жеткізді. Бұл Ұлпан үшін Мәдениет және өнер қызметкерлері күнінде көрсетілген зор құрмет.