Ермахан Бағдәулет өнер әлеміне қанат самғаған жас талант. Жерлесіміз Алматы қаласында маусым айында өтетін «Жас қанат» байқауына қатыспақ. Ол Астана қаласындағы «Шабыт» оқу ордасында білім алуда. Жастайынан өнерге жақын. Түрлі байқауларда бақ сынаған. Өзі Лисаков қаласында өсіп, өнген.
Бүгін жерлесімізді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Бүркітбайұлы Атамұратов қабылдап, кездесті. Алдағы жоспарларын, мақсаттарын, ойын тыңдап, өз ақылын қосып, жөн сілтеді. Облыстық әкімдіктен, басқарма тарапынан қолдау мен көмек болатынын жеткізіп, сәттілік тіледі.
Біз де жас әншіге ақ жол тілейміз.
