#Repost ••••• Instagram@erlankalmakov ••••• ХХ халықаралық "Алтын микрофон" ән байқауы өз мәресіне жетті! 5 мемлекеттен 80-ге жуық өнерпаз қатысып, бақ сынасқан дүбірлі дода қостанайлық көрерменге ерекше әсер сыйлады.
21.04.2023
673
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Гала-концерт аясында жеңімпаздар марапатталып, үздіктер өз өнерлерін тағы бір мәрте ортаға салды. Сонымен қатар, қазылар алқасының мүшелері және "Алтын микрофон" байқауының бұрынғы жылдардағы лауреаттары ән шырқады. Биылғы мерейтойлық байқаудың бас жүлдесі Жамбыл облысынан келген өнерпаз Қымбат Жамбылбекке бұйырды.
Халықаралық байқаудың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан қазылар алқасына, қатысушыларға, олардың тәлімгерлері мен ата-аналарына зор алғысымызды айтамыз.
Өнерпаздардың жолы әрдайым ашық, алар асулары биік болсын!