Бүгін Қостанай қаласы Жастар сарайында «Алтын микрофон – 2023» XХ Халықаралық әншілер байқауының екінші кезеңі бастау алды
Екінші кезеңде қазылар алқасы кіші, ортаншы және ересектер тобының өнерін бағалайды. Сонымен қатар бүгін нағыз сахна майталмандары да бақ сынайды.
Байқау вокалдық өнердің жас талантты орындаушыларын анықтап, қолдау білдіріп, сондай-ақ Қазақстан халқының рухани бірлігі идеясын, халықтар достығын, ұлтаралық және мәдениетаралық шығармашылық диалогты дамыту, шығармашылық байланысты нығайта түсуді мақсат еткен.
Байқаудың екінші кезеңінде 7-ден 23 жас аралығындағы Қазақстаннан өзге Болгария, Армения, Белорусь, Қырғызстан, Украина және Өзбекстан елдерінен келген әншілер сахнаға шығады.
Қазылар алқасының төрағасы – Жеңіс Сейдоллаұлы, әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазылар алқасының мүшелері: Қарлығаш Әбдікәрімова (Алматы, Қазақстан), Николай Текелиев (Болгария), Вреж Киракосян (Армения), Глеб Лапицкий (Беларусь), Гүлнара Тойғанбаева (Қырғыстан), Татьяна Апанасенко (Украина), Гүлбану Абдуллина (Қостанай, Қазақстан).
Ертең жеңімпазддардың есімдері анықталып, Гала-концерт болады.