– Қазақстанға алғаш келуім. Қостанай өте әдемі қала екен. Адамдары да мейірімді, жайдарлы. Бізді ерекше қонақжайлық танытып қарсы алды. Байқау туралы әлеуметтік желіден білдім. Бірден қатысып, бағымды сынаймын деп шештім. Ұзақ дайындалдым, бәрі жақсы болады деп сенемін. Өзім үш жасымнан бері ән айтып, сахнаға шығып келемін. Екі ән әзірлеп келдім. Алғашқысы өз ана тілімде болса, екіншісі – ағылшын тілінде. Қостанайлық көрермендерге, өнер сүйер қауымға Армения елінің ыстық сәлемін жолдаймын.