2023 жылдың 16 ақпанында Қостанай қаласы "Мирас" қалалық мәдениет сарайында Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы ұйымдастырған "Алтын микрофон – 2023" облыстық әншілер байқауының бірінші күні бастау алды.
Байқаудың мақсаты: өнер сайысын ұйымдастыру, Қостанай облысындағы жас таланттарды анықтап, олардың шығармашылық дамуына жағдай жасап, қолдау көрсету.
Байқауға 7-23 жас аралығындағы 38 үміткер қатысуда. Қостанай, Рудный, Лисаков, Арқалық, Тобыл қалаларынан, сондай-ақ Қостанай, Амангелді, Жанкелдин, Денисов, Б.Майлин, Жітіқара, Қарабалық, Әулиекөл және Науырзым аудандарынан келгендер төрт түрлі жас санатында бақ сынауда.
Жас әншілер қазылар алқасы мен көрермендер алдында өздерінің вокалдық қабілеттерін көрсетті. Байқаудың бірінші күнінде-ақ жұлдыздай жарқырап, әр қырынан танылып, көптің көңілінен шыға білді.
Ертең 17 ақпанда байқаудың екінші айналымы өтеді, осылайша біз әншілер байқауының жеңімпаздарын білетін боламыз!
Балаларға сәттілік тілейміз!