Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК мамандары 28 - 30 мамыр күндері жұмыс бабымен Қарабалық, Федоров, Қарасу, Сарыкөл аудандарының ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарының жұмыстарымен танысып қайтты. Іс-шараның басты мақсаты – ауылдық мәдени ұжымдарына әдістемелік көмек көрсету. Аталмыш іс-шара мамыр айының 31 күнінен бастап, облысымыздың оңтүстік өңірімен жалғасады.