altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: «Мерейлі отбасы» жеңімпазы анықталды: арқалықтық әулет өңір намысын республикада қорғайды
28.08.2026
355
0
«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. Биыл облыстың барлық өңірінен 98 отбасы бақ сынаған. Бас жүлдені 53 жыл отасып, төрт бала тәрбиелеп, 14 немере сүйіп отырған Арқалық қаласының отбасы жеңіп алды. Енді олар Қостанай облысының намысын республикалық кезеңде қорғайды.

Марапаттау рәсімі 28 тамызда Қостанай қаласындағы IQostanay смарт орталығында өтті. Салтанатты шараға облыстың әр түкпірінен үздік деп танылған жеті отбасы шақырылды.
«Мерейлі отбасы» байқауының басты мақсаты — отбасы мен некенің жағымды үлгісін дәріптеу, адамгершілік құндылықтарды жаңғырту және отбасының қоғамдағы мәртебесін арттыру.
 
Биыл байқауға қатысуға өтінімдер 15 маусымға дейін қабылданған. Облыстық кезеңге барлығы 98 отбасы өтініш берген. 16 шілдеде комиссия отырысы өтіп, жеңімпаздар мен арнайы номинациялар бойынша лауреаттар анықталды.
 
Облыстық кезеңнің ең жоғары марапаты Арқалық қаласының Қапар Биекин және Жұлдызай Әбілхайырованың отбасына бұйырды. Ерлі-зайыптының шаңырақ көтергеніне биыл 53 жыл болған. Олар — төрт бала тәрбиелеп өсіріп, бүгінде 14 немеренің қызығын көріп отырған бақытты ата-әже. Отбасының өмірлік ұстанымы — адал еңбек, білімге ұмтылу және қоғам өміріне белсенді араласу.
 
Қапар Шайсұлтанұлы 1953 жылы 23 қарашада Торғай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген. Торғайдағы мектепті тәмамдап, кейін Қостанай техникалық училищесінде білім алған. Ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, бүгінде құрметті еңбек демалысында. Отағасы көп жылғы еңбегі мен қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін бірнеше рет марапатталған. 2023 жылы Арқалық қаласы әкімінің Құттықтау хатына, 2025 жылы қала әкімінің Құрмет грамотасына ие болған.
Енді Биекиндер отбасы Қостанай облысының атынан республикалық байқауға қатысады. Жеңімпаз отбасына 1 миллион теңгенің сертификаты табысталды.
Марапаттан кейін Арқалықтан келген отағасы алда үлкен жауапкершілік тұрғанын айтты.
 
«Енді республикалық байқауға мықтап дайындаламыз», — деді ол.
 
Бұл сөз залда ерекше әсер қалдырды. Өйткені енді Биекиндер отбасы елдің түкпір-түкпірінен жиналатын үздік отбасылармен бірге республикалық додада Қостанай облысының намысын қорғайды.
 
Биыл байқау бағдарламасына алғаш рет үш арнайы номинация енгізілді. Олар — «Отанға қызмет — отбасы құндылығы», «Ұстаздық пен спорттың ұлағатты әулеті», «Ұрпақ сабақтастығын ұлықтаған отбасы».
«Ұрпақ сабақтастығын ұлықтаған отбасы» номинациясы бойынша Әбдірахман Нағашыбайұлы мен Әйгерім Қайбарқызының отбасы марапатталды. Бұл — өнерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ерекше әулет. Отбасында жеті бала тәрбиеленіп жатыр. Әулеттің өнерге деген сүйіспеншілігі Нағашыбай Алпысовтан бастау алған. Торғай өңіріне танымал жыршы, термеші әрі терме орындаушының өнері балалары мен немерелеріне де дарыған. Әбдрахман мен Әйгерімнің үлкен ұлы Мұхаммед-Рахым да сахнада өнер көрсетіп, отбасылық дәстүрді жалғастырып келеді.
 
Ал «Ұстаздық пен спорттың ұлағатты әулеті» номинациясы Б. Майлин ауданының Горбенко әулетіне берілді. Отбасының педагогикалық династиясындағы жалпы еңбек өтілі — 67 жыл, ал спорттық әулеттің жалпы өтілі — 168 жыл. Бұл әулеттің тарихында ұстаз әрі жаттықтырушы Владимир Горбенконың орны ерекше. Ол ауыл мектебінде ұзақ жылдар еңбек етіп, талай шәкірт тәрбиелеген. Оның есімі бүгінде Майская орта мектебінің спорт залында мәңгілікке қалды. Горбенко әулетінің өкілдері ұстаздық пен спорттағы отбасылық дәстүрді бүгін де жалғастырып келеді.
«Отанға қызмет — отбасы құндылығы» номинациясының жеңімпазы Лисаков қаласынан келген Бектановтар отбасы болды. Ерлан мен Ботагөз Бектановтар 25 жыл отасып, үш бала тәрбиелеп отыр. Отбасындағы балалар да ата-анасының жолын жалғастырып келеді. Үлкен ұлы прокурордың көмекшісі болып еңбек етсе, екінші ұлы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде офицер болып қызмет атқарады. Кіші қызы мектепте білім алып, пәндік олимпиадалар мен спорттық жарыстарға белсенді қатысады. Бұл отбасы үшін Отанға қызмет ету, еңбекқорлық, жауапкершілік пен ұлттық дәстүрді сақтау — басты құндылықтардың бірі.
Марапаттау рәсімінде Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтап, отбасының қоғамдағы орнына тоқталды.
 
«Қоғамымыздың алтын діңгегі — отбасы. „Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің“ демекші, бала қамқорлықты, адамгершілікті және жауапкершілікті ең алдымен отбасынан үйренеді. Сондықтан отбасындағы тәрбие мен құндылықтардың маңызы зор. Біз балаларды білімге, кітап оқуға баулуымыз керек. Мемлекет ретінде, ұлт ретінде зияткерлікті бойымызға сіңіруіміз қажет. Осыдан бір жыл бұрын бастаған жобамыздың нәтижесін көріп отырмыз. Мәселен, „Оқитын әулет“ номинациясында Қостанай қаласынан Ермағамбетовтер отбасы жүлделі орынға ие болды. Биыл „Мерейлі отбасы“ байқауына жүзге жуық өнегелі шаңырақ қатысып отыр. Олардың арасында еңбек әулеттері, ұстаздар, кәсіпкерлер және түрлі салада жетістікке жеткен отбасылар бар. Биыл байқауға алғаш рет „Отанға қызмет — отбасы құндылығы“, „Ұстаздық пен спорттың ұлағатты әулеті“, „Ұрпақ сабақтастығын ұлықтаған отбасы“ номинациялары енгізілді. Бұл номинациялар арқылы біз отбасының қоғамдағы рөлін, ұрпақтар сабақтастығын және елге қызмет етудің отбасылық құндылық екенін кеңінен насихаттаймыз», — деді Бақытжан Нарымбетов.
 
Облыстық кезеңде марапатталған отбасылардың әрқайсысы — өзінше бір өнеге. Амангелді ауданынан келген Нұрқановтар отбасы 37 жыл отасып, үш бала тәрбиелеген, бүгінде жеті немеренің ата-әжесі. Отбасы ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп, екі ұлын ішкі істер органдарында қызмет етуге тәрбиелеген.
 
Әулиекөл ауданынан келген Оспановтар отбасы 33 жыл отбасылық өмір сүріп, үш бала тәрбиелеп, бес немере сүйіп отыр. Айбек Оспанов медицина саласындағы еңбегімен қатар қоғамдық және шығармашылық шараларға белсенді қатысып келеді. Ал Рудный қаласынан келген Әлиевтер отбасы да еңбек пен спортты қатар алып жүрген жанұя ретінде ерекшеленді. Әділбек Әлиевтің қоржынында еңбек пен спорт саласындағы бірқатар марапат бар. Ол шағын футболдан бірнеше рет үздік қақпашы атанған.
 
Барлық лауреатқа облыс әкімінің грамоталары мен сертификаттары табысталды.
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген — Василий ВАСИЛЬЕВ
QOSTANAI TAŃY
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
09.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
9 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет сарайының 1-қабатындағы фойеде ретро би кеші өтті
07.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
7 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласында спорт ардагері Бекбосынов Өтебек Мырзахметұлының жүлдесіне арналған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы еркін күрестен Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті
06.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Өшпес өнеге - ұстаздан
04.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Мерейтойлық іс-шаралар аясында «Мирас» қазақ халық аспаптары этнографиялық ансамблінің 35 жылдығына арналған бірқатар концерттер өткізілуде
03.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні «Караван» ВАА тобы Лисаковск қаласында Қарттар күніне орай зейнеткерлерді мерекемен құттықтады
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
2 қазанда сағат 17:00-де Арыстанбай Қожанұлы Өмірзақовтың жетекшілігімен «Ақ дариға» халық хорының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @zhuldyz_studio - 🎶 «Ақ Дариға» халық хорының концертінде біздің оқушыларымыз хор ұжымымен бірге өнер көрсетті!
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Бүгін Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара аясында «Мирас» мәдениет үйінде аға буын өкілдеріне арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Халықаралық қарттар күні ерекше бір сапармен басталды
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @b.akkozhina - Бүгін Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Алтын жас» шығармашылық фестиваліне қатыстым
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні сағат 16:30-да “Мирас” қалалық мәдениет сарайы ғимаратының 2-қабат фойесінде Қарттар күніне арналған «Күзгі вальс» атты ретро-би кеші өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда сағат 15:00-де “Мирас” қалалық мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» көркемөнерпаздар фестивалі өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда Мирас мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» атты сәндік, қолданбалы, бейнелеу және қолөнер көрмесі өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Өшпес өнеге - ұстаздан
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
06.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру