altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: Денисов ауданында облыстық домбырашылар фестивалі дүркіреп өтті
30.09.2026
159
0
Денисов ауданының дархан даласы күй күмбіріне бөленіп, төл өнер төрге озды. Барша көрермен ұлттық мұраның қайнарынан қанып ішіп, бір серпіліп қалғандай. Жергілікті күйші-композитор, сазгер Бекзат Ғазезовтың авторлық шығармаларына арналған облыстық домбырашылар фестивалі осындай көңіл-күй сыйлады.
 
Денисов ауданында 18 клуб бар
 
Мәдениеттің негізгі өзегі – тіл, тарих, дәстүр, әдебиет, руханият. Осы бір құндылықтар халықтың көкірек көзін ашып, рухын оятады, мінезін қалыптастырады. Сондықтан Денисов ауданының әкімдігі ұлт қазынасын ұлықтауға арналған облыстық деңгейде фестиваль ұйымдастырды. Бағдарламаның алғашқы бөлімі ауылдық мәдениет үйлері мен кітапханалардың қызметкерлеріне арналған әдістемелік семинардан басталды. Ауылдық клубтардың өкілдері жыл бойы атқарған жұмыстарын таныстырып, болашаққа бағыт-бағдар алды.
 
— «Облыстық халық шығармашылығы орталығының мамандары ауылдардағы мәдениет үйі қызметкерлерінің құжаттарын қарап, алдағы жоспарларымен танысты. Ұсыныс-тілектерін түртіп алдық. Алдағы жұмыстарына көмекші құрал ретінде әдістемелік сценарийлер топтамасын, ансамбльдер жинағын және көптеген материалдар әкеліп, табыстадық. Біздің орталық аудандық және ауылдық мәдениет үйлеріне әдістемелік – практикалық көмек көрсетуді жалғастыруда. Бұл бағытта «Зерделеу» бағдарламасы бар. Осы бағдарлама аясында Түйемойнақ өлкесіне келіп, мәдениет саласының бет-алысына өз бағамызды бердік», – деді облыстық мәдениет басқармасының халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығының басшысы Дәмер Қалқаев.
 
Денисов ауданында 18 ауылдық клуб бар. Олардың жанынан арнайы үйірмелер құрылып, жұмыс істеуде. Шығармашылық ұжымдар KPI бағдарламасымен шалғайдағы елді мекендерге гастрольдік сапарларға шығып, өңірдің мәдениет саласының дамуына өлшеусіз үлес қосуда. Облыстық мәдениет басқармасының өкілдері аталған жұмыстарды жоғары бағалап отыр.
 
— «Аудан әкімдігі ауылдық округтерде мәдениет ошақтарын сақтап қалуда. Денисов ауданы бойынша 18 мәдениет үйі бар деген сөз. Жергілікті биліктің мәдениет саласына көңіл бөліп отырғанын білдіреді. Былтырдан бері аудан басшылығы мәдени-техникалық базаны нығайту үшін қомақты қаржы бөлді. Аудан өнерпаздары облыстық, республикалық деңгейдегі іс-шараларға белсенді қатысып жүр. Әсіресе, «Түйемойнақ» театры республикалық «Мірдің оғы» сатиралық байқауында жүлдегер атанды. Аудан әкімшілігінің жүйелі жұмысының арқасында өнер кештері тұрақты ұйымдастырылуда. Күйші-композитор Бекзат Ғазезовтың авторлық шығармаларына арналған облыстық фестивальдің өтуі соның жарқын үлгісі», – деді облыстық халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығының басшысы.
 
Семинар қорытындысында халық шығармашылығын насихаттауға өлшеусіз үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер марапатталды. Үздіктер қатарында Покров ауылдық мәдениет орталығының қызметкері Айман Ержанова, Алшан ауылының мәдениет үйінің ұйымдастырушысы Айсұлу Гатиятуллина, Жалтыркөл ауылдық мәдениет үйінің маманы Наталья Павленко бар. Семинар қатысушылары аудан тарихымен танысып, көрікті жерлерін тамашалады. Көпшілік назарына қолөнер шеберлерінің көрмесі де ұсынылды.
 
18 қатысушы өнер көрсетті
 
Күннің екінші жартысына жоспарланған іс-шаралар легі «Әлем» мәдениет үйінде жалғасты. Семинар Денисов ауданының мақтанышы, жергілікті күйші-композитор Бекзат Ғазезовтың авторлық шығармашылығына арналған «16 шақырым қашықтықтағы сағыныш» атты облыстық домбырашылар фестиваліне ұласты. Аудан әкімдігінің қолдауымен өткен ауқымды өнер кеші Тобыл-Торғай өңірінің рухты өнерпаздарын жинады. Соның ішінде домбыра аспабын шебер меңгерген күйшілер, жас таланттар басқосты. Қостанай, Лисаков қалалары мен Федоров, Қамысты, Жітіқара, Б.Майлин, Қарабалық аудандарынан келген қатысушылар шеберліктерін ортаға салды. Мұндай дүбірлі думанның Денисов ауданында өтуі де бекер емес.
 
— «Қазақтың ұлттық өнерін дәріптеп жүрген азамат, өзіндік үнімен ерекшеленетін бірегей тұлға Бекзат Ғазезов біздің ауданда, Приречен ауылында тұрады. Ол жерден көшкісі келмейді. Біз әртүрлі лауазымдар ұсынып, жоғары қызметке шақырғанбыз. Алайда, ол ауылда қалып шығармашылық жолын жалғай беруді қалады. Ауылдың табиғаты, орманды жердің сұлулығы сазгерді шабыттандырса керек. Жергілікті әкімдік тарапы өнер иесіне жан-жақты қолдау білдіруде», – деді Денисов ауданы әкімінің орынбасары Айгүл Биктимисова.
 
Өнер кешінің шымылдығын Денисов ауданы мәдениет үйінің «Түйемойнақ» ансамблі автордың «16 шақырым қашықтықтағы сағыныш» атты шығармасымен ашты. Күйшінің досы, айтыскер, асаба Медет Байзақов арнайы Қостанай қаласынан келіп, үзеңгілес жолдасына арнау айтты.
 
— «Бекзат біздің студент кезімізден бірге өскен дос, жолдас, әріптес бауырымыз. Былтыр аудан дәрежесінде шығармашылық кеші өткен еді. Биыл облыс деңгейіне көтеріліп, әр аудан-қаладан өнерпаздар жиналып отыр. Біздің Бекзат сегіз қырлы, бір сырлы жігіт. Өнерін жан-жақты дамытқан азамат. Ол күй де шығарады, ән де, сөз де жазады. Сурет те салады. Ұсталық шеберлігі де бар. Азаматтығы бір бөлек. Кезінде мен, Бекзат және Тайжан үшеуміз «Сағыныш» деген трио құрғанбыз. Сол кезде басталған достығымыз әлі күнге жалғасып келеді. Қазір отбасымызбен араласамыз», – деді Медет Байзақов.
 
«Баласы атқа шапса, анасы тақымын қысар» демей ме халқымыз. Фестивальге Бекзат Ғазезовтың анасы Астана қаласынан арнайы келіп, мейман болды.
 
Домбыра мен ортеке: көне өнер жаңғырығы
 
Фестивальдің ерекшелігі – қатысушылар Бекзат Ғазезовтың шығарған күйлерінің бірін орындады. Б.Майлин ауданынан келген өнерпаз Айбек Қабылдин автордың «Қалқа қыз» әнін және жітіқаралық Алмат Елшібаев «Гүлдей ару қыз» әнін нақышына келтіріп шырқады. Кеште жас таланттар бой көрсетіп, киелі күй өнерінің болашағына деген сенімді нығайта түсті. Лисаков қаласынан келген Жанерке Иниятова, Аружан Сейтқалиева көрерменнің көзайымына айналса, Жітіқаралық Дина Маликаджарова «Күміс тұяқ» күйінде ортекені ойнатты. Күйшінің «Міржақып» және «Ахмет» атты туындылары да әуелеп, Алаш арыстарының рухын жаңғыртқандай болды.
 
Бекзат Ғазезов он беске жуық күй мен ансамбльдерге арналған әртүрлі шығармалардың авторы. Сондай-ақ ортеке жасау шебері.
 
— «Осыдан үш жыл бұрын Қарағанды қаласында өткен «Ортеке» байқауына бардым. Сол байқауда ортеке туралы жадымнан тың туынды дайындап апарып, ортеке аспабында ойнап бердім. Он шақты жылдан бері қолөнермен айналысамын. Қарағандыда өткен сайыстан кейін менде ортекеге деген қызығушылық пайда болып, қолөнер шеберлігін шыңдауға кірістім. Дәл қазіргі уақытта ортекемен жұмыс істеп жатырмын. Ортеке жасаймын, оны ойнатамын. Ортекеге арналған үш шығармам бар. Келешек ұрпаққа киелі өнерді дәріптеу үшін Приречен ауылдық мәдениет үйінде домбыра және ортеке үйірмелерін аштым. Қазір бірталай жас ұлттық өнерді үйренуде», – дейді автор.
 
Бекзат Ғазезов – көп балалы әке. Приречен мәдениет үйінде жұмыс істейді. Оның шәкірттері домбыра тартуды шебер меңгеруде. Бүгінде күйшінің авторлық шығармаларын Денисов жастарымен қоса облысымыздың өнерпаздары орындап жүр. Туындыларын нотаға түсіріп, арнайы жинақ етіп шығарыпты. Келешек үшін құндылығы жоғары жинақ пен ортеке бұйымын фестиваль қатысушыларына сыйға тартты. Осы кешті ұйымдастыруға қолдау білдірген Денисов ауданының әкімдігі екенін еске саламыз.
 
Барлық қатысушыларға аудан әкімі Руслан Қатпаевтың атынан алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Ал авторға қомақты қаржылай сыйақы ұсынылды. Құрметті марапаттарды аудан әкімінің орынбасары Айгүл Биктимисова делегаттарға өз қолымен тапсырды. Облыстық халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығының басшысы Дәмер Қалқаев кеш иесіне шапан жауып, облыстық композиторлар одағының төрағасы Арысбек Бағдәулетұлы Бекзат Ғазезовке одаққа қабылдау туралы куәлік пен төсбелгі берді. Бұл күні домбыра шанағынан төгілген сиқырлы үн Денисов баурайында қалықтап, ұзақ уақыт жаңғырып тұрды.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді түсірген – Василий ВАСИЛЬЕВ
Денисов ауданы
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
09.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
9 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет сарайының 1-қабатындағы фойеде ретро би кеші өтті
07.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
7 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласында спорт ардагері Бекбосынов Өтебек Мырзахметұлының жүлдесіне арналған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы еркін күрестен Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті
06.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Өшпес өнеге - ұстаздан
04.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Мерейтойлық іс-шаралар аясында «Мирас» қазақ халық аспаптары этнографиялық ансамблінің 35 жылдығына арналған бірқатар концерттер өткізілуде
03.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні «Караван» ВАА тобы Лисаковск қаласында Қарттар күніне орай зейнеткерлерді мерекемен құттықтады
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
2 қазанда сағат 17:00-де Арыстанбай Қожанұлы Өмірзақовтың жетекшілігімен «Ақ дариға» халық хорының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @zhuldyz_studio - 🎶 «Ақ Дариға» халық хорының концертінде біздің оқушыларымыз хор ұжымымен бірге өнер көрсетті!
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Бүгін Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара аясында «Мирас» мәдениет үйінде аға буын өкілдеріне арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Халықаралық қарттар күні ерекше бір сапармен басталды
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @b.akkozhina - Бүгін Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Алтын жас» шығармашылық фестиваліне қатыстым
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні сағат 16:30-да “Мирас” қалалық мәдениет сарайы ғимаратының 2-қабат фойесінде Қарттар күніне арналған «Күзгі вальс» атты ретро-би кеші өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда сағат 15:00-де “Мирас” қалалық мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» көркемөнерпаздар фестивалі өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда Мирас мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» атты сәндік, қолданбалы, бейнелеу және қолөнер көрмесі өтті
01.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
30.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
30 қыркүйекте «Мирас» қалалық мәдениет сарайының директоры З. Иманова және оның қызметкерлері ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтады. Бұл күні қонақтарға жылы лебіздер айтылып, зор денсаулық, бақ-береке, ұзақ ғұмыр және көңіл-күйдің көтеріңкі болуын тіледі!
29.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Сіздерді 2 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет үйінде өтетін «Ақдариға» халық хорының концертіне шақырамыз! Кіру тегін!
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Өшпес өнеге - ұстаздан
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
06.10.2026
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
01.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру