altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
Облысымызда тұңғыш рет өткен Сейіт Кенжеахметовтың 80 жылдығына арналған «Мірдің оғы» Республикалық әзіл-сықақ театрлары фестивалі
20.05.2019
2631
0
Облысымызда тұңғыш рет өткен Сейіт Кенжеахметовтың 80 жылдығына арналған «Мірдің оғы» Республикалық  әзіл-сықақ театрлары фестивалі


Қазақтың көрнекті жазушысы Ғафу Қайырбеков «Торғайдың күрең торы тобылғысы» деп баға берген ерекше дарын иесі, белгілі  жазушы-сатирик,  этнограф-ғалым, астарлы қазақы қалжың мен қағытпа сөздің шебері Сейіт Кенжеахметовтың 80 жылдығына арналған «Мірдің оғы» Республикалық  әзіл-сықақ театрларының екінші кезеңі  20 мамыр күні  Арқалық қаласында болып өтті.  

Театр фестивалінде елімізге танымал белгілі сықақшы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат»  орденінің игері,  ақын, сатирик Көпен Әмірбек Сейіт Кенжеахметов жайлы естеліктер айтып, қазақы қалжыңның қасиеті жөнінде баяндап берді.  

Республикалық  әзіл-сықақ театрлары фестивалінде Астана қаласында өткен Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Гран-При» иегері Ақтөбе қаласынан келген  «ЕКІ ЕЗУ» сатира театры,  көркемдік жетекшісі, әрі авторы Ақтөбе қаласының «Жыл Адамы», ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Нұрлыбек Жұбатқан Сейіт Кенжеахметовтың «Ене мен келін» интермедиясын, автордың  «Ревизор» шығармасын сахналады. 
 
Республикалық әзіл-сықақ фестивалінің облыстық іріктеу кезеңінің жеңімпазы Арғын Жүкебаев Сейіт Кенжеахметовтың «Жағымпазға кеңес» сатиралық шығармасын, облыстық меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының иегері, «Тұран-Торғай» тобының жетекшісі, Тұрсынбек Қабатовтың  ұйымдастыруымен өткен телевизиялық «Көңілашар» жобасының жеңімпазы  Біржан Жүзбай  «Сейіт ағамыз деген екен» - сатирик-жазушы Сейіт Кенжеахметовтың өмірде тауып айтқан қағытпа қалжыңдарын шеберлікпен орындап, көрермендер ықыласына бөленді. Фестивальде Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет Қайраткері Нағашыбай Мұқатов Сейіт Кенжеахметовке арнаған өлеңін оқыды.
     
Жангелдин ауданынан келген Республикалық, облыстық байқаулардың лауреттары Жоламановтар отбасылық ансамблі Қалибек Деріпсалдиннің  «Айнакөл жағасында» әнін орындап,  талай өнер додаларында топ жарып бәйге алған, Халықаралық байқаулардың жүлдегері, Арқалық қаласының  «Мұрагер» ансамблі Дәулеткерейдің күйі «Көрғұлыны» орындап, ән мен күйден шашу шашты.  

Сатирик-жазушы,этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметовтың 80 жылдығына арналған «Мірдің оғы» Республикалық  әзіл-сықақ театрлары фестивалінің қорытындысы бойынша  әзіл-сықақ театрлары фестиваліне қатысқаны үшін  Мейрамхан Қапышев атындағы халық театры, жетекшісі: Ғұбайдуллина Гүлмира, Амангелді ауданы, «Күлкі» әзіл-сықақ театры жетекшісі: Әлібек Капуза, Жангелдин ауданы; «Берік-шоу» театры, жетекшісі: Қозылов Берік, Рудный қаласы, Елубай Өмірзақов атындағы  Таран аудандық мәдениет Үйінің жанынан құрылған Халық театры, жетекшісі: Ерғалиев Аманжол, фестивальдің арнайы жүлделеріне ие болды.  

«Үздік дебют» номинациясын сатира сайысында тұсауын кескен  Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармонияның жанынан құрылған «Маса» әзіл-сықақ театры, жетекшісі:  Олжас Бегайдаров, Үздік әзіл-сықақ театры» номинациясын «Әдемі әзіл»  студиясы, жетекшісі Мұрат Нағашыбай, Меңдіқара ауданы, «Көрермендер көзайымы» номинациясын Біржан Жүзбай,  «Үздік актерлік шеберлігі үшін» номинациясын Арқалық қаласының атынан қатысқан Арғын Жүкебаев жеңіп алды.  
   

Сатира фестивалінің құрметті жүлдесі -«Сейіт Кенжеахметов атындағы жүлдеге» Ақтөбе қаласының   «ЕКІ ЕЗУ» сатира фестивалі ие болды. 
   
Фестиваль соңында  этнограф-ғалым, сұңғыла сатирик Сейіт Кенжеахметовтың ұрпақтары фестиваль қатысқан барлық ұжымдарға  алғысын білдіріп, сый-сияпат жасады.

Облысымызда тұңғыш өтіп отырған сатирик-жазушы,  этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметовтың 80 жылдығына арналған «Мірдің оғы» Республикалық  әзіл-сықақ театрлары фестиваліне көрермендер көп жиналып, зал лық толы болды.  
                    
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру