
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК ұйымдастыруымен Қостанай облысына қарасты қала, аудандарындағы ауыл клубтарының ұйымдастырушыларына арналған «Сахналық жекпе-жек» өнер байқауы өз мәресіне жетті. Әр өңірден келген 9 үміткер төрт кезеңнен тұратын байқау сынағынан өтіп, өздерін көрсете білді.
Байқау барысында қатысушылардың өнері мен шеберлігі жоғары бағаланды. Әр кезеңде шығармашылық қабілеттерін паш етіп, өз жобаларын таныстырды, жұмыстарын ұсынды, өнерлерін көрсетті. Қазылар алқасы үміткердің жұмысына әділ баға беріп, ең үздіктерді анықтады.
Бірінші орын – Арқалық қаласы, Родина ауылдық МҮ ұйымдастырушысы Мұратбек Әбісалықов;
Екінші орын – Аманкелді ауданы Есір ауылдық клубының меңгерушісі Балтасар Ізтілеуов;
Үшінші орын — Қостанай ауданы Жуков ауылдық МҮ ұйымдастырушысы Жанна Таласпаева мен Жанкелдин ауданы Қаламқарасу ауылдық клубының ұйымдастырушысы Ерболат Кенжебай иеленіп, марапатталды.
Қалғандары да қатысқаны үшін марапатқа ие болды.
Іс-шара соңында Федоров ауданынан көптеген облыстық, республикалық байқау-фестивалдердің дипломанттары Жоламановтар жанұялық ансамблі қатысушылар мен көрермендерге ән-шашу шашты, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан «Алтын дән» мәдениет үйінің басшылығы мен қызметкерлеріне алғыс айтамыз.







