Бүгін Тобыл қаласындағы «Алтын дән» мәдениет үйінде Наурыз мерекесіне орай «Сахналық жекпе-жек» өнер байқауы басталды
12.03.2025
170
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Қостанай облысынан келген қатысушылар төрт кезеңнен тұратын байқауда өз өнерін көрсетуде.
Бірінші кезеңде атқарған жұмыстарын көрме арқылы таныстырса, екінші кезеңде авторлық жобаларын қорғау қажет. Үшінші кезеңде Тобыл-Торғай өңірі композиторларының әнін орындап, төртінші кезеңде Наурыз мерекесіне орай салт-дәстүрге қатысы бар әнді орындау шарт.
Байқау бүгін түске дейін екі кезең бойынша өтуде, түстен кейін қалған кезеңдер жалғасады. Байқаудың мақсаты – өңір композиторларының әндерін насихаттап, ауыл клубтарының ұйымдастырушыларын қолдап, олардың шығармашылық және ұйымдастырушылық жұмыстарын бағалау.