«ЖҰМЫС — БІЛЕКТЕ, ӨНЕР — ЖҮРЕКТЕ»: «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығы мен «СарыарқаАвтоПром» ЖШС бірлесіп ұйымдастырған «Алло, біз таланттарды іздейміз» жобасының іріктеу кезеңі өте сәтті өтті. Барлығы 14 номер ұсынылды, олардың 12-сі келесі турға өтті.
Бұл жобаның мақсаты – еңбекқор, дарынды азаматтардың шығармашылық қабілеттерін ашып, оларды қолдау. Әрбір қатысушы өзінің ерекше өнерімен тәнті етіп, бағасын алды.
Баршаңызды құттықтаймыз, сәттілік тілейміз!
