ЖҰМЫС — БІЛЕКТЕ, ӨНЕР — ЖҮРЕКТЕ»: Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығы мен «СарыарқаАвтоПром» ЖШС бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Алло, біз таланттарды іздейміз» жобасы – еңбекқор, дарынды азаматтарының шығармашылық қабілеттерін ашуға бағытталған ерекше бастама.
Бұл жоба еңбек адамдарының жасырын таланттарын танытуға мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін дәріптеуді көздейді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланып, еңбекке құрмет көрсету мен шығармашылық әлеуетті дамытуға ерекше мән берілуде.
Жобаның №12 қатысушысы – Мауль Мария.
Мауль Мария – зауытта аға қоймашы болып екі жылдан бері еңбек етеді. Өз ісіне жауапты. Сонымен қатар, ол шығармашылыққа да көңіл бөліп, осы салада дамуға ұмтылуда. Байқауға қатысып, көркемсөз оқып, өз өнерін көпшілікке танытуды көздеп отыр. Өзінің кәсіби міндеттерінен бөлек, өнер саласына деген қызығушылығы оны жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибе жинауға итермелейді. Мауль Мария үшін шығармашылықты дамыту – өзін толыққанды тұлға ретінде көрсету, түрлі қабілеттерін ашу мүмкіндігі.