«ЖҰМЫС — БІЛЕКТЕ, ӨНЕР — ЖҮРЕКТЕ»: Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығы мен «СарыарқаАвтоПром» ЖШС бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Алло, біз таланттарды іздейміз» жобасы – еңбекқор, дарынды азаматтарының шығармашылық қабілеттерін ашуға бағытталған ерекше бастама
Бұл жоба еңбек адамдарының жасырын таланттарын танытуға мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін дәріптеуді көздейді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланып, еңбекке құрмет көрсету мен шығармашылық әлеуетті дамытуға ерекше мән берілуде.
Жобаның №7 қатысушысы – Артур Әлімқанов.
Артур – слесарь, зауытта бір жылдан бері еңбек етеді. Бірақ оның шынайы қызығушылығы тек механикалық жұмыстармен шектелмейді. Ол ән айтуды қатты ұнатады, музыка оның өміріндегі маңызды орын алады.
Сонымен қатар, Артур спортпен де айналысады. Артурдың басты мақсаты – музыкант болу. Оның музыкалық таланты мен өнерге деген ықыласы жобада жақсы мүмкіндік беруге себеп болды. Бұл байқау оған өз шеберлігін көрсетуге, өнерін көпшілікке танытуға және арманына бір қадам жақындатуға мүмкіндік береді.