Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай “Жүз шымшыма” атты алғаш рет Тараз қаласында өткен республикалық фестивальде торғайлық “Мірдің оғы” театры “Үздік екінші пландағы бейне” номинациясының иегері атанды
Фестивальге жалпы саны 14 халық театры қатысқан. Еліміздегі әзіл-ысқақ саласын дамыту үшін ұйымдастырылған фестивальдің берер пайдасы мол.
Бірінші кезекте халық театрлары арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту көзделген.
“Мірдің оғы” әзіл-ысқақ театры облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығына, аудан басшылығына алғыстарын білдіреді.
Жақында ғана құрылған театрға үздіктер қатарынан көріну үлкен жеңіс.
Бүгін жеңімпаз өнерпаздарды темір жол вокзалында орталық басшылығы күтіп алып, құрмет көрсетті.

