Астана қаласында «Рухани қазына — 2023» республикалық байқауы өтпек. Біздің облыстан үздік деп танылғандар 27 қараша — 1 желтоқсан күндері 16 номинация бойынша бақ сынамақ. Бүгін үміткерлер жолға аттанды. Оларға тек сәттілік тілейміз. Жеңісті күндеріміз көп болсын.
Айта кетер болсақ, бұл іс-шара 2018 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатыр. Осы жылдар ішінде біздің өңір түрлі салалар бойынша жеңімпаз атанып, жүлдемен оралды. Осы дәстүр жалғасын таба береді деген сенімдеміз.
#ГидПоКазахстану
