2 күнге созылған қазақы қалжыңның хас шебері, «Қыр елінің Крыловы» атанған, сатирик, жазушы, этнограф, ғалым Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» республикалық әзіл-сықақ театрлар байқау-фестивалі өз мәресіне жетті
Өтуіне атсалысқан Жітіқара, Қамысты, Б.Майлин, Денисов аудандарының өнерпаздары Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы басшысының Алғыс хатымен марапатталды. Аталған аудандардың мәдениет бөлімдерінің және мәдениет үйлерінің басшыларына, сондай-ақ ғимарат ұсынған Қостанай ауданының әкімшілігі мен мәдениет бөліміне, мәдениет үйінің ұжымына алғыс білдіреміз.