#Repost @erlankalmakov Мәдени онкүндік аясында Сейіт Кенжеахметов атындағы республикалық "Мірдің оғы" сатира байқау-фестивалі басталды.
Фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен келген 12 театр қатысуда. Жыл сайын ауқымы да, мазмұны да толысып келе жатқан дәстүрлі өнер думанына ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асылбек Боранбай бастаған қазылар алқасы төрелік жасауда. Бүгін бірінші кезең аясында театрлар Сейіт Кенжеахметовтың шығармаларын көпшілік назарына ұсынды.
Ертең, 24 мамыр сағ. 11.00-де "Алтын дән" мәдениет үйінде байқаудың екінші кезеңі, соңынан жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтеді.