Ұлттық болмысымызға сай дәстүрлі және заманауи әзіл-қалжыңның үйлесім табуына ықпал ету, сатира жанрын дамыта түсу мақсатында ұйымдастырылған "ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНҒА - ЖАҢА ӘЗІЛМЕН" атты сатира театрларының I республикалық әзіл-сықақ фестивалінде өнер көрсетіп, АСҚАР ХАРЕСОВ атындағы арнайы жүлдесімен Мұрат Нағашыбай "Күн мен Түн " сатира театрының жетекшісі марапатталды.