Атыраудан ДИПЛОМАНТ атанды! Ұлттық болмысымызға сай дәстүрлі және заманауи әзіл-қалжыңның үйлесім табуына ықпал ету, сатира жанрын дамыта түсу мақсатында ұйымдастырылған "ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНҒА - ЖАҢА ӘЗІЛМЕН" атты сатира театрларының I республикалық әзіл-сықақ фестиваліне қатысып, ерекше белсенділік танытқаны үшін "Күн мен Түн" сатира театры марапатталды.