Атырау қаласында Атырау облысы әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармониясының жанынан құралған «Ара» сатира театрының ұйымдастыруымен алғаш рет «Жаңа Қазақстанға – жаңа әзілмен» атты сатира театрларының І республикалық әзіл-сықақ фестиваль-байқауы өтуде. Аталмыш байқауға Қостанай облысының атынан Мұрат Нағашыбай мен Достияр Қайдаровтың «Күн мен түн» әзіл студиясы аттанды.
Ертең іріктеу кезең. Әрі қарай байқау басталады. Жеңімпаздардың гала концерті Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында өтеді.
Қатысушы жерлестерімізге сәттілік тілейміз.