Орталық саябақты Жітіқара ауданынан келген өнерпаздар думанға бөледі. Әр жұмада концерт көріп, қосыла ән салып, би билеуге қала халқы да үйреніп алған.
«Саябаққа жақын тұрамын. Әр жұма думанға толы. Кешкі бесте осы жерге келіп, концерт көреміз» дейді саябақта демалушылардың бірі.
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «DALA FEST» шығармашылық марафоны осылайша жалғасын тапты.
Естеріңізге сала кетсек, аталмыш марафонның негізгі мақсаты – Қостанай облысының шығармашылық ұжымдары мен әртістерінің халық шығармашылығын насихаттау және дамыту.
Іс-шараны ұйымдастырушылар:
- «Қостанай облысының әкімдігі» ММ;
- «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ.
Іс-шараға қатысушылар:
Қостанай облысының шығармашылық ұжымдары мен әртістері.
Олар маусым, шілде және тамыз айлары бойы әр жұмада өнер көрсететін болады.


