Әдеттегідей шығармашылық марафонның кезекті концерті қалалық мәдениет және демалыс саябағын думанға толтырды. Алтынсарин ауданының шығармашылық ұжымдары мен орындаушылары би мен әннен шашу шашты
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «DALA FEST» шығармашылық марафоны осылайша жалғасын тапты.
Естеріңізге сала кетсек, аталмыш марафонның негізгі мақсаты – Қостанай облысының шығармашылық ұжымдары мен әртістерінің халық шығармашылығын насихаттау және дамыту.
Іс-шараны ұйымдастырушылар:
- «Қостанай облысының әкімдігі» ММ;
- «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ.
Іс-шараға қатысушылар:
Қостанай облысының шығармашылық ұжымдары мен әртістері.
Олар маусым, шілде және тамыз айлары бойы әр жұмада өнер көрсететін болады.











