Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «DALA FEST» шығармашылық марафонының кезекті концерті өтті.
Бұл жолы концерт қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы сахна алаңында жалғасын тапты. Марафонды жалғастырған Науырзым ауданының шығармашылық ұжымдары мен орындаушылары қалалықтарға тамаша көңіл күй сыйлады.
Сонымен қатар А.Байтұрсынұлы ескерткішінің алаңында ашық аспан аясында облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан көрме ұйымдастырылды. Көрмеге А.Байтұрсынұлының өмірінен сыр шертетін фотосуреттер мен құжаттардың көшірмелері, қазақ халқының этнографиясына қатысты жәдігерлер қойылды.
Аталмыш шара Қостанай облыстық мәдениет басқармасының, облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының ұйымдастыруымен өтуде.
Енді әр жұма сайын Қостанай облысының үздік шығармашылық ұжымдары мен орындаушылары «DALA FEST» шығармашылық марафонында маусым, шілде және тамыз айларында өнер көрсетіп тұратын болады.
Осы шараның өтуіне атсалысқан Науырзым ауданының әкімдігіне, басшыларына, мәдениет саласының мамандары мен өнерпаздарына алғыс айтамыз.