Қазақстан республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 21 мамыр мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Мәдениет қызметкерлері арасындағы «РУХАНИ ҚАЗЫНА - 2022» байқауы биыл Түркістан жерінде бастау алған болатын.
16- 21 мамыр аралығында өткен шара қорытындысы бүгін шығарылды. Байқауға біздің өңірден де сала мамандары аттанған болатын. Соның ішінде облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығының әдіскері Мұрат Нағашыбай "Үздік облыстық мәдени-демалыс ұйымының қызметкері " номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз.
Іс-шараның мақсаты – еліміздегі мәдениет және өнер саласы ұйымдарының шығармашылық жетістіктерін анықтап, талантты, өзіндік ерекшелігі бар шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларға қолдау білдіру екенін еске сала кетейік.