altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
Қазақ өнерінің серкесі
05.05.2022
1773
0
екі күнге созылған өнер додасының үздік «төрттігі» анықталды

 
Екі күнге созылған Қазақ КСР Халық әртісі, театр мен киноның аса көрнекті актері Сералы Қожамқұловтың 125 жылдығына арналған «SERALY Film Festival» республикалық қысқаметражды көркем фильмдер фестиваль-байқауының қорытындысы І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында өтті. Өнер сүйер қауым С.Қожамқұлов мұражайынан көрмені тамашалай алды.
 
Сералы Қожамқұлов – қазақ театр өнерінің бастауында тұрған әйгілі тұлға, сахна саңлағы, ұлт киносының жарық жұлдызы, мақтаныш тұтар даңқты жерлесіміз. Өнер майталманының мерейтойына орай биыл ел бойынша көптеген түрлі іс-шара өтті. Осының барлығының лайықты қорытындысы осы кинофестиваль болып отыр. Тобыл өңірінде тұңғыш рет өткізіліп жатқан фестивальге Серке Қожамқұловтың туған қызы «П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі» аға оқытушысы, П.Чайковский атындағы Орта Азия халықаралық байқауының лауреаты Қожамқұлова Марьям Сералықызы арнайы келіп, төрімізге шықты. Әкесінің есімі дәріптеліп, құрмет көрсетіліп жатқанына шексіз риза.
 
Бірегей байқауға өтінім қабылдау 2021 жылғы тамыз айында басталып, желтоқсанға дейін жалғасқан болатын. Бағы мен бабын сынап көруге ниет еткен үміткерлер аз болған жоқ. Қазақстанның әр түкпірінен 40 қатысушының материалы қабылданыпты. Алайда, байқау шарты бойынша олардың ішінен 4 номинация бойынша ғана жеңімпаздар анықталды. Олардың еңбегін бағалау үшін қазылар алқасы құрылып, әр жұмысты жіті зерттеген. Айтар ойы мен көрерменге берері мол туындыны анықтау оңай емесі белгілі.
 
Қазылар алқасының төрағасы, С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драмалық театрының директоры, театр және кино актері – Сәкен Досхан Сәкенұлы, Наргиз Тамабекқызы – М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры музейінің жетекшісі, Мәдениет саласының үздігі және Мәдина Әлімқан— продюсер, 20-дан астам фильмнің режиссері. Өкінішке орай, бүгінгі қорытынды шараға ол кісі келе алмады.
 
Қазақ өнерінің серкесі атанған Сералы Қожамқұлов атамыз Тобыл-Торғай жұртының ғана емес, тұтас қазақ ұлтының маңдайына біткен дарыны. Оның соңынан әлі де талай ізбасарлары түлеп ұшарына күмән келтірмейміз. Қысқа мертажды көркемфильмге үлкен жүрегін салған үміткерлердің арасынан үздік шыққан "төрттікті" қазылар алқасы анықтады.
 
Сонымен «SERALY Film Festival» республикалық қысқаметражды көркем фильмдер байқауында
 
"Үздік оператор" номинациясында Шымкент қаласынан Фырхат Саипов;
 
"Үздік режиссер" номинациясында Қостанай қаласынан Есбол Жатқанов;
 
"Үздік сценарист" номинациясында Нұр-Сұлтан қаласынан Жарқын Тілеухор;
 
Ал байқаудың соңғы әрі басты "Үздік фильм" номинациясын алматылық Рүстем Дастанұлы «Минус 5» 7 минуттық қысқаметражды фильмімен жеңіп алды.
 
-Бүгін былтырдан бері ойға алған шараның нәтижесіне жетіп отырмыз. Фестивальдің басты мақсаты Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Қабан Бадыров, Әнуар Боранбаев сынды өнер тарландары дүниеге келген жерде жаңа есімдерді танытып, ынталандыру еді. Сол мақсатқа жеттік деп ойлаймын. Үздіктер өзінің ерекшелігімен дараланды. Бұл бастама әрі қарай жалғасын табуы керек деп есептеймін. Осы кешке арнайы келген Мәриям Серәліқызына ерекше алғысымды білдіргім келеді, – деді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.
 
 -Бүгін екі той қатарласып отыр. Біріншіден әкемнің туған күні болса, екіншіден Жезқазған театрына әкемнің атының берілгеніне 40 жыл. Сонымен қатар театрдың құрылғанына 91 жыл. Осындай үш той папамның жерінде аталып өтіп жатыр. Сіздерге алғысым шесіз, - деді кештің қадірлі қонағы Серке Қожамқұловтың туған қызы Мариям Сералықызы апамыз.
 
Жас дарындарға жол ашуды, қабілетті жандардың қанаты астынан дем беруді мақсат еткен жоба осындай қуанышты сәтпен аяқталды. "Алға басудың басты құпиясы – алғашқы қадам жасау" демекші, осы байқауда бағын сынаған, арманына бір табан жақындаған әр қатысушыны жеңімпаз деп білеміз.
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру