altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
Ерек жоба, тың серпін
26.11.2021
1538
0
2021 жылғы 26 қарашада алғаш рет Қостанай қаласында Жастар сарайында республикалық мобильдік кино фестивалі өтті. Іс-шара Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
 
Аталған фестивальдің мақсаты – өңірлерде креативті индустрияны дамыту, сондай-ақ дарынды жастарды анықтау және қолдау. 
Фестиваль идеясының авторы – белгілі қазақстандық продюсер және сценарист, «Аға» фильмінің режиссері Фархат Серкебаев. 
 
Фестивальді Қостанай облысының әкімдігі, Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы, сондай-ақ режиссер және сценарист Фархат Серкебаев өзі ұйымдастырды.
 
Фестиваль басталар алдында баспасөз конференциясы өтіп, онда бастамашылар облыстық БАҚ өкілдеріне мобильді кино фестивалінің тұжырымдамасы туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.
 
Іс-шараның шымылдық ашар сөзін Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Болатұлы Қалмақов сөйлеп, бұл жобаның мән-маңызы туралы айтып, үміткерлерге сәттілік тіледі.
 
Жалпы, Мобильді киноның бірегей ерекшелігі – ресурстар тұрғысынан да, қалтада смартфонның үнемі болуы тұрғысынан да барлығына қолжетімді. Сондай-ақ, ең басты «фишка» - оның шынайы авторлық сипатында және шығармашылық қиялды іске асыру мүмкіндігінің шексіздігінде. 
Мобильді фильм түсіруші кез келген үміткер сценарист, режиссер, оператор, монтаждаушы және тіпті актерлік шеберлігін 5 минуттан аспайтын туындысында біріктіріп, жан-жақтылығын көрсетуі керек. «Мобильді киноның және мобильді контенттің басқа да түрлерінің берері не?» деген көпшілікті ойлантуы мүмкін. Мұның басты мәні – жаңа заманауи визуалды тілді, жаңа оқиғаларды, кейіпкерлерді, үлкен камераларға түсіру мүмкін бола бермейтін жағдаяттардың ерекше нұсқаларын іздеу.
 
Сонымен, Мобильді кино фестиваліне барлығы 218 қатысушының жұмыстары қабылданған. Оларды «Қазақфильм» АҚ Вице-президенті Айдархан Әділбаев, актер Мұрат Бисенбин, блогер және актриса Айнұр Нұрсейітова, режиссер, продюсер және сценарист Фархат Серкебаев, актер және режиссер Төлепберген Байсақалов қатарлы фестивальдің қазылар алқасының мүшелері саралап, сұрыптап, үздіктерін анықтады.
 
Іс-шара соңында қазылар алқасы 40 номинанттының есімдері белгілі болды. Яғни 8 аталымның әрқайсысына 5 номинанттан таңдалды. Нәтижесінде қазылар алқасының ортақ ұйғарымымен, төмендегі қатысушылар мобильдік кино фестивалінің жеңімпаздары атанды:
 
• «Үздік мотивациялық фильм» аталымы – Төрехан Жұман (Қостанай қ.);
• «Үздік актер» аталымы – Данил Ибрашев;
• «Үздік сценарист» аталымы – Вячеслав Тарасенко;
• «Үздік операторлық жұмыс» аталымы – Уәлихан Ырысалды;
• «Үздік режиссура» аталымы – Евгений Канашкин;
• «Көрермен көзайымы» сыйлығы – Дәулет Масқатов;
• «Үздік әлеуметтік фильм» аталымы – Оңғар Бауыржанұлы;
• «Үздік комедия» аталымы – Дамир Бектұрғанов;
• «Қазақфильм» студиясының арнайы сыйлығының иегері – «Түнгі ауысым» фильмі үшін Айдар Жұмаділов.
 
Жеңімпаздарға қазылар алқасы, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова, облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов марапат табыстады.
Фестиваль соңында ұйымдастырушылар осы іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне зор қолдау көрсеткен демеушілерге Алғыс хат табыс етті.
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру