Бүгін Қостанай қаласындағы «Жастар сарайы» ғимаратында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында облыстың мәдениет қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.
Ресми іс-шараға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Есімова Бақыт Амангелдіқызы қатысып, мәдениет саласының ардагерлерімен кездесіп мерекемен арнайы құттықтады. Сонымен қатар, салтанатты шарада Мәдениет және өнер саласының дамуына елеулі үлес қосқан мамандар министрліктің, облыс әкімінің алғыс хаттарымен, ведомстволық сыйлықтармен марапаттады.
Сондай-ақ, аталмыш шара аясында «Рухани қазына -2021» республикалық фестивалінің облыстық кезеңі жеңімпаздары ардақталды.
Айта кетейік, мәдениет саласының ұжымдары мен қызметкерлерінің бұл байқауы алғаш рет 2018 жылы басталған еді. Осы төрт жыл ішінде елдің мәдени өміріндегі ең елеулі оқиғаларының біріне айналып үлгерді. Биыл облыс қоржыны беделді байқаудың 4 жүлдесімен толықты.
Іс-шара аясында кәсіби мереке иелерінің және жүлдегерлердің құрметіне ән-күйден шашу шашылды.