altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Bizdiń MindetimizOrtalyq tỳralyQostanaı oblysynyń Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanai oblysynyń MÚ saittarySuhbatFoto men beine galereiasy«Shabyt qanatynda» jýrnalyQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryBiz BAQ-taSuraq-jaýap
QOSTANAI OBLYSYNYŃMÁDENIET ÚILERINIŃAQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
DK nusqasy
ҚОСТАНАЙЛЫҚ ҚОС ҚЫРАН
30.01.2021
1261
0
Тобыл-Торғай өңірі дарынды өнерпаздардан ешқашан кенде болып көрмеген. Тұтас елдің мақтанышына айналған даңқты тұлғалардың ізін абыройлы жалғап келе жатқан жас буын өкілдері аз емес. Өнер өлкесіне қадам басқан жұлдызды жастардың қатарын "БРО" дуэті толықтырды деп нық сеніммен айтуға болады. Қазіргі уақытта "X FACTOR ҚАЗАҚСТАН" тележобасының ақтық сынында сәтті өнер көрсетуде.
 
Қостанайлық ағайындылар – Бекболат және Айдар Жазықбаевтардың таланты мен талпынысы ерекше сүйсіндіреді. Құстың қос қанаты секілденіп ән әуесіне қалқып барады. Жалынды жігіттердің жарқын өнері көпшілік көңілінен төр алып, көрермендер көзайымына айналып үлгерді. Олардың әрқайсысы әншілік қабілеттерін балдырған кездерінен-ақ танытып, дара дарын иелері екендерін ерте жастан дәлелдеген.
 
Мәселен, ағайындылардың үлкені, небары 21 жастағы Бекболат – жастығына қарамастан сын сахналарында шыңдалып, тәжірибе жинақтап үлгерген әнші. Ол осы уақытқа дейін бірнеше байқауда топ жарып, биік белестерді бағындырған. Мәселен, Қостанай облысында дәстүрлі түрде өтетін "Алтын микрофон" Халықаралық ән байқауының Гран-Приін қанжығасына байлағанын айтсақ та жетіп жатыр. Сондай-ақ, кіл үздіктер бәсекеге түсетін "Super Qala Kz" тележобасында сәтті өнер көрсеткен. Ресейдің "ТНТ" телеарнасының көпке танымал "Песни" жобасына қатысу ғанибеті де бұйырыпты. Айта кету керек, Бекболат еліміздің ең басты вокалдық тележобасы "X FACTOR"-дың 2018 жылғы сынына қатысып көрген.
 


Ал Айдар Жазықбаев ағасынан 4 жас кіші – 17 жаста. Сөйте тұра оның да музыка өнерінде бағындырған жетістіктері олқы емес. Атап айтқанда, отандық "Балалар дауысы. Қазақстан" және басқа да халықаралық жобаларда бақ сынап, ерек қабілетінмен көзге түскен. Ағасының жеңісті жолын жалғастырып, бірнеше елдің үздіктері қатысатын "Алтын микрофон" байқауының финалына дейін жетіп, лауреат атанған. Мұнымен қоса, ол Белоруссия елінде өткен "Под крыльями Ориона" байқауында топ жарыпты. Ол да, ағасы Айдар секілді, 2019 жылы "X FACTOR ҚАЗАҚСТАН" жобасының сахнасына шыққан. Осынау дарынды жұптың жетістіктері жыл озған сайын толығыса беретініне күмән келтірмеуге болады.
 
Енді, міне, екі ағайынды "БРО" атты топ құрып, "X FACTOR" жобасының биылғы бәсекесіне бел шеше кірісіп, әлі күнге мықтылықтарын дәлелдеп келеді. Шынын айту керек, бұл – үздіктердің үздігі ғана іріктеліп-сұрыпталатын, талабы қатал сынақ. Өз ісін жетік меңгерген білікті, "қара қылды қақ жарған" әділетті, турашыл төрешілер тезінен өту – оңай шаруа емес. Оған жобаның тұрақты көрермендері куә болып келеді деп ойлаймыз. Қатысушыларға әуелі төрелік етіп, кейін топ-топқа бөліп тәлім беріп, қарамағындағы әншілерді өзара сайыстырып келе жатқан қазылар құрамында – Қазақстанның халық әртісі, жобаның тұрақты төрешісі Нағима Есқалиева, продюсер әрі музыкалық сарапшы Нұрберген Махамбетов және танымал әнші, ресейлік "MBAND" тобының бұрынғы мүшесі Анатолий Цой бар. Бекболат пен Айдар "Топтар" санатымен жұмыс істеу міндеті бұйырған осы Анатолий Цойдың командасында бағы мен бабын сынауда. Әр апта тағатсыз күтетін жанкүйерлерін ағатсыз өнер көрсетіп, байқау басталғалы жерлестерін қуантумен келеді. Қазір Цойдың командасында қалған екі топтың бірі осы "БРО" дуэті болып отыр.
 
Ал, жалпы, жобада небары алты-ақ қатысушы қалды. Олардың тағдыры телекөрермендер қолында, қайсысы көп дауыс жинаса, сол жеңіс ауылына бір табан жақындай түседі. Демек, жерлестеріміздің жеңімпаз атануы жанкүйерлер белсенділігімен тікелей байланысты. Осы орайда, Бекболат пен Айдар Гран-Приге лайық деп танысаңыздар, дауыс беруді, олардың жеңісі ортақ мерейіміз екенін ұмытпаңыздар!
 
Айта кетейік, жеңіс тұғырынан көрініп, "X FACTOR" атанған қатысушы 7 млн теңге иеленеді, сондай-ақ оның алдынан ел эстрадасының елеулі мүшесіне айналуға даңғыл жол ашылмақ.
 
Pikirler (0)
Jiberỳ
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
bólimge ótý >>
23.10.2024
Қостанай қ. дом культуры
QOSTANAI TV: Кезекті көркемөнерпаздар концерті
23.10.2024
Б. Майлин дом культуры
Республика күніне орай аудан орталығында мерекелік концерт өтті.
23.10.2024
Әулиекөл дом культуры
Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты мерекелік концерт өтті. 
23.10.2024
Қостанай қ. дом культуры
«Тобыл толқыны» ІІ қалалық байқау-фестивалінің гала-концертіне шақырамыз
21.10.2024
Қостанай қ. дом культуры
Қостанай қаласының 145 жылдығына арналған "Өнеріміз саған, Қазақстан!" ХХХVІІ облыстық көркемөнерпаздар шығармашылығының фоторепортаж 
21.10.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 21 қазанында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» ҚМС» МКҚК-да Қостанай қаласының 145 жылдығына арналған "Өнеріміз саған, Қазақстан!" ХХХVІІ облыстық көркемөнерпаздар шығармашылығының байқау-фестивалі –өтті
18.10.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 18 қазан күні Денисов аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы №8 өрт сөндіру бөлімі ғимаратының жанында Қазақстаның құтқарушылар күніне арналған мерекелік концерттік бағдарламасын өткізді.
18.10.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 18 қазанында Республика күні және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «МАРТ» және «Қостанай Плаза» Сауда орталықтарында «Damu Bala» жобасының шығармашылық ұжымдарының концерті өтті
17.10.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 17 қазан күні Денисов аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы орман шаруашылығы ғимаратының жанында орман шаруашылығы күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама өткізді
17.10.2024
Қостанай қ. дом культуры
II қалалық «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестивалі
17.10.2024
Қостанай қ. дом культуры
ХХХVІІ «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауы-фестивалі
17.10.2024
Әулиекөл дом культуры
Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күні арналған мерекелік бағдарлама
16.10.2024
Қостанай қ. дом культуры
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» II қалалық ашық байқау-фестивалі
15.10.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 15 қазан күні Денисов аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері № 2 Денисов ЖБМ 6 "Б" сынып оқушыларына Ұлы Отан соғысының қатысушысы Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Рахымжан Қошқарбаев ерлік тарихы» атты тарихи сағатын өткізді.
11.10.2024
Б. Майлин дом культуры
Көне дәстүр күмбезі
11.10.2024
Денисов дом культуры
Жазушы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай "қазақ халқының ұлы" тарихи сағаты
10.10.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 10 қазанында Денисов аудандық мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған "Жан шуағы" атты аудандық шығармашылық фестивалі өтті
09.10.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 9 қазан күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Денисов аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері аудандық мәдениет үйінің аумағын жинады, асфальт жабыны сыпырылды, құрғақ бұтақтар мен жапырақтар жиналып, жиналды.
09.10.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 9 қазан күні аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері Покровка мәдени-демалыс орталығының мәдени ұйымдастырушысымен жеке әдістемелік-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында құжаттамаларды жүргізу және Покровка мәдени - демалыс орталығының Instagram ресми аккаунтын пайдалану жұмыстары түсіндірілді.
07.10.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 7 қазан күні Денисов аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Қазақстандағы референдумға арналған «ГҮЛДЕНГЕН ҚАЗАҚСТАН» атты концерттік бағдарлама өткізді.
ÓZGE JAŃALYQTAR
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
QOSTANAI TV: Кезекті көркемөнерпаздар концерті
Автор: Қостанай қ. дом культуры
23.10.2024
Ary qaraı
II қалалық «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестивалі
Автор: Қостанай қ. дом культуры
17.10.2024
Ary qaraı
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» II қалалық ашық байқау-фестивалі
Автор: Қостанай қ. дом культуры
16.10.2024
Ary qaraı
Көне дәстүр күмбезі
Автор: Б. Майлин дом культуры
11.10.2024
Ary qaraı
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BSN 990340002744
JSK KZ8594807KZT22031664
«Eỳraziialyq bank» AQ
BSK EURIKZKA
Telefony:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý