Ақындарды Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, облыстық меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты, ақын, сатирик, жазушы Ахметчин Ғұмар Ғарифұлы, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі, филология ғылымдарының кандидаты Қалиев Айбек Киікбайұлы, жазба ақындар айтысының жүлдегері, «Қостанай таңы» газетінің тілшісі, ақын Құлабаев Нұрқанат Жүнісұлы бағалады.
Қазылар алқасының шешімі бойынша III айналымға Медет Байзақов (Қостанай ауданы), Дания Сәтбекқызы (Арқалық қ.), Батырлан Сағынтаев (Арқалық қ.), Айбар Рағатов (Жангелдин ауданы), Салтанат Өтелбаева (Қостанай қ.), Әсем Қажиева (Әулиекөл ауданы) өтті.
«Біздің айтыс» тележобасының III айналымының түсірілімі наурыз айында өтеді.