Қарағанды қаласында IV Республикалық Мәди БӘПИҰЛЫ атындағы конкурстың ашылуы "Сарыжайлау" кинотеатрында 6 қараша 18.00 басталды
06.11.2019
1808
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Іс-шараны Қ.Байжанов атындағы "Арқа сазы" фольклорлық ансамблі Тәттімбеттің "Сарыжайлау" күйімен ашты.
Қарағанды облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Еркебұлан Арғынбаев және Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, қазылар алқасының төрағасы Қайрат Байбосынов конкурстың ашылу салтанатымен құттықтап, өнерпаздарға сәттілік тіледі.
Концерттік бағдарламадан кейін, Мәди Бәпиұлына арналған "Мәди" документальды фильмі көрсетілді.
Іс-шара соңында жеребе тарту рәсімі өткізіліп, қатысушылар реттік сандарын алды.
Конкурсқа қатысушы жерлесіміз әнші Мұрат Нағашыбай 28-ші кезекте өнер көрсететін болды.
Конкурстың ашылу салтанатына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейірхан Адамбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғалым Мұхамедин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жақсыгелді Кемалов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Ыдырысов т.б майталман өнер иелері қатысты.